Кеше Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтті. Онда палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды.
Депутаттардың талқылауына 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы Қазақстанға мұнай және мұнай өнімдерін жеткізу саласындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы Хаттама ратификациялауға шығарылады.
Күн тәртібінің жобасына бірінші оқылымға «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен енгізілді.
Сонымен қатар, осы жалпы отырыста Мәжіліс «Қайырымдылық, демеушілік және меценаттық қызмет туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен және «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Сот төрелігінің секторын институттық нығайту жобасы) ратификациялау туралы» заң жобасына қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылайтын болады, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.