• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Елорда 20 Қазан, 2022

Елордадағы жәрмеңкеде екі облыстың өнімдері ұсынылады

312 рет
көрсетілді

Алдағы демалыс күндері елордадағы дәстүрлі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесінде Қарағанды және Ұлытау облыстарының тауарлары ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Екі облыстың тауар өндірушілері Астанаға 698 тонна экологиялық таза өнім әкеледі. Оның ішінде: 430 тонна картоп, барлық түрдегі 138 тонна ет, 95 тонна көкөніс, 13 тонна сүт өнімі, 5,5 тонна балық және балық өнімдері, 200 мың дана жұмыртқа және 16 тонна өзге де өнім (шұжық, кондитерлік, нан-тоқаш) бар.

Республика күні қарсаңында өтетін жәрмеңкеге Қарағанды облысынан 164 фермерлік шаруашылық пен қайта өңдеу кәсіпорындары, сондай-ақ Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданының  тауар өндірушілері қатысады.

Айта кетсек, бұл жәрмеңке фермерлерге өз өнімдерін тікелей тұтынушыларға делдалсыз сатуға мүмкіндік береді, нәтижесінде олардың тауарлары нарықтағы бағадан 10-20% төмен болады.

Жәрмеңкелер 30 қазанға дейін әр сенбі мен жексенбі күндері өтеді. Өтетін орны: Тұран, 48 мекенжайындағы «Астана-Арена» стадионының жанындағы алаң.

Ал келесі демалыста (29-30 қазан күндері), яғни биылғы жәрмеңкені Ақмола облысының кәсіпкерлері қорытындылайды.