Бүгін Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс Консервативтік партияның жетекшілігінен және елдің премьер-министрі қызметінен кететінін мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Даунинг-стриттегі үкімет басшысының резиденциясының алдында сөйлеген сөзінде ол қазіргі жағдайда өз мандатын жалғастыра алмайтынын мойындады.
Лиз Трасс орнына жаңа адам сайланғанға дейін премьер-министр болып қала береді. Британдық министрлер кабинетінің жаңа басшысын сайлау келесі аптада өтеді.