• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Коронавирус 21 Қазан, 2022

Елімізде індет жұқтырғандар айтарлықтай азайған

227 рет
көрсетілді

Тоғыз қазақстандық пневмония белгілері бар коронавирустық инфекциямен ауырды. Денсаулық сақтау министрлігі науқастар туралы жаңа дерек келтірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Екі күн бұрын Қазақстанда 51 науқас анықталған еді. Өткен тәулікте 36 қазақстандық індет жұқтырған.

21 қазандағы жағдай бойынша КВИ-дан 978 адам емделіп жатыр. Оның ішінде стационарларда 108 пациент жатса, амбулаториялық деңгейде 870 науқас ем қабылдауда.

Коррнавируспен ауырғандардың ішінде:

ауыр жағдайда - 3 науқас,

өте ауыр жағдайда - 5 пациент,

ӨЖЖ - 2 пациент.