• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Қазан, 2022

Қазақстанда жаңа халықаралық рейс пайда болады

298 рет
көрсетілді

8 желтоқсаннан бастап Алматы - Хабаровск - Алматы тікелей рейстері ашылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі болғандай, ұшу уақыты алты сағатты құрайды. Алматыдан ұшып шығу сәрсенбі күндері сағат 21:00-де, Хабаровскіден бейсенбі күндері сағат 08:00-де жүзеге асырылады.

Туроператорлар бұл бағыт Алматының жұмсақ климаты, сонымен қатар шопинг, шаңғы тебу және гастротуризм үшін ашылатын мүмкіндіктерге байланысты адамдарды қызықтыратынын атап өтті.