21 қазан күні Атырау қаласында жастар арасында атыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Полицияның хабарлауынша, Атырау-2 шағын ауданында болған атыстан 2001 жылы туған жігіт көз жұмды. Тағы екі жігіт жарақат алды.
Ведомствоның мәліметінше, зардап шеккендер облыстық ауруханаға жеткізілді. Тәртіп сақшыларының айтуынша, жастар арасында қақтығыс болған. Оқиғаға қатысқандардың жеке басы анықталды.
Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде. Өзге ақпарат ҚР ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.