• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Қаржы 21 Қазан, 2022

Доллар бағамы қайта өсті

182 рет
көрсетілді

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 470,60 теңгені құрап, 2,16 теңгеге көтерілгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 7,63 теңгеге дейін өсті (+0,02).

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы да өсіп, 64,85 теңгені (+0,27) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 458,01 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 473-479 теңгеден, еуроны – 461-466 теңгеден, ресей рублін – 7,15-7,45 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 21 қазандағы сауда-саттықта әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Осылайша, Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны барреліне 0,1%-ға 92,26 долларға дейін төмендеді.

WTI маркалы американдық мұнай фьючерстерінің бағасы барреліне 84,47 долларға дейін 0,03%-ға төмендеді.