• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Қазан, 2022

Степной кентіндегі жаңа мектеп қолданысқа берілді

393 рет
көрсетілді

Бүгін Республика күні қарсаңында, Степной кентінде «№ 46 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ салтанатты ашылуы өтті. Білім ордасының салтанатты ашылуына қала әкімі Нұрбол Нұрсағатов және Абай облысы әкімдігінің өкілдері қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бүгін біз Сіздермен ұлттық мерекеміз Республика күні қарсаңында  «Степной» кентінде пайдалануға беріліп отырған 300 орындық жаңа мектептің ашылу салтанатының куәсі болып отырмыз. Оқушы орындарының тапшылығын қысқарту мақсатында  ағымдағы жылы 1500 орындық 2 мектеп ашылды», деді қала әкімі.

Жаңа мектептің ашылуы - Степной кенті оқушылары үшін үлкен қуаныш. Аталған оқу орнында осы кентте тұратын №10, № 11, № 22, №39 және қала орталығында орналасқан басқа да мектептерде білім алып жүрген оқушылар оқитын болады. Мектептің оқу бөлмелері санитарлық - гигиеналық талапқа сай. Мектеп спорт залы - 1, 108 орынға арналған асхана, 100 орынға арналған акт залы, зертхана кабинеттері мен шеберхана жаңа модификациядағы кабинеттермен жабдықталған. Балалардың қауіпсіздігі мақсатында арнайы 24 ішкі және 15 сыртқы бейнебақылау камералары орнатылған.