• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Саясат 22 Қазан, 2022

Тәуелсіздік ұландары

648 рет
көрсетілді

Дарынды балаларды қолдау мақсатында Павлодар облысында «Тәуелсіздік ұланы» сыйлығы тағайындалып, Республика күніне орай өңірдегі үздік шыққан 100 оқушы марапатқа ие болды болды.

Жүлде иегерлеріне 50 АЕК көлемінде бір реттік (159 мың теңге) сыйақы берілді. Республика күні қарсаңында облыс әкімі Әбілқайыр Сқа­қов сыйлық лауреаттарын құт­тық­тап, ел болашағы жастар қолында екенін атап өтті.

– Осыдан 32 жыл бұрын еліміздің егемендігін паш еткен тарихи күн биыл басты мерекеге айналды. Ұлттық мереке қарсаңында «Тәуелсіздік ұланы» белгісінің 100 иегері марапатқа ие болды. Баршаңызды жеңістеріңізбен құттықтаймын. Еліміздің болашағы өздеріңіз сияқты өрендердің қолында, – деді өңір басшысы.

Байқауға қатысуға жеті жүзден астам өтініш келіп түскен. Жеңімпаздарды анық­тау үшін тәуелсіз қазылар алқасы құрылып, нәтиже­сінде «Тәуелсіздік ұланы» сыйлы­ғының 100 лауреаты анық­талды. Мысалы, «Әлеуметтік маңызы бар және қоғамдық қызмет» номинациясында белсенді азаматтық көзқарасы үшін 4 мектеп оқушысы мен 1 колледж студенті марапатталды, 20-дан астам павлодарлық өрен «Ғылыми-техникалық шы­ғармашылық және оқушылық-зерттеу жұмыс» номинация­сында жеңіске жетті. Тағы 20 бала спорттағы жетістігі, кәсіп­тік және шығармашылық шебер­лігі үшін марапатталды.

Өз кезегінде сыйлық иеге­рі, Павлодар қаласындағы № 8 мектеп-лицей оқушысы Ан­тонина Степанова өскелең ұрпаққа қолдау көрсеткен облыс басшысына алғыс айтты.  

– Республика күні қар­саңында «Тәуел­сіздік ұланы» сыйлығына қол жеткізу мен үшін зор мәртебе. Бұл ме­нің ғана емес, маған Отанды сүюді үйреткен ата-анам мен мұға­лім­дерімнің де жетістігі. Бұл сәтті жетістіктерім жоғары дең­гейде бағаланған күн ретін­де мәңгі есте сақтаймын, – деді мерейі өскен оқушы.  

Ал дарынды балаларға ар­нал­ған Абай атындағы гимна­зияның 11-сынып оқушысы Әлі­шер Дабылхан өңір басшы­сына Республика күніне орай челлендж бастауды ұсынды. Әбіл­қайыр Сқақов мектеп оқу­шысының бастамасын қабыл алып, Мұзафар Әлімбаевтың өлеңін оқыды. Сөйтіп «Қадірлі Қазақстан, Отан-Ана» ак­ция­сына мұрындық болды. Чел­лендж­ді жалғастыру өңірдің бар­лық мектеп оқушылары мен жастарына беріліп отыр.

Кеш соңында жастар «Жаса, Қазақстан» әнін бірге шырқады.

 

Павлодар облысы