Президент Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін:Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Сүлейменов Қайырбек
Шошанұлы
–
ішкі істер органдарының ардагері, Астана қаласы.
Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін:
жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері»атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:
Исабеков Дулат
–
жазушы, Алматы қаласы
Розметов Владимир
Фёдорович
–
«АтырауАгроӨнімдері» ЖШС директоры.
Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті
Қ.ТОҚАЕВ
Астана, Ақорда, 2022 жылғы 14 қазан
№ 1046