• RUB:
    5.07
  • USD:
    481.84
  • EUR:
    531.33
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Қазан, 2022

Халыққа ерекше құрмет көрсеткен күн

180 рет
көрсетілді

«Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясы Республика күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Мерекелік іс-шара аясында ХҚО қызмет­кер­­лері клиенттерге Kazakh­stan шоколады мен кәде­сый ретінде жалаулар та­ратты. Қызмет алушы­лар мемлекеттік рәміз ат­ри­буты бар 1 мың­нан аса тәт­тілерді сый­ға алып үлгерді.

Іс-шара ел халқының бірлігін, алдағы ұлттық ме­рекені қолдау және отан­дастарымыздың пат­риот­­тық сезімдерін ояту мақсатында ұйым­дастырылған.

Мереке күндеріне байла­нысты сенбіде ХҚО-лар мен ма­мандандырылған ХҚО-лар әдет­­тегі жұмыс кестесі бойынша 18:00-ге дейін, ал кезекші ХҚО-лар 20:00-ге дейін қыз­мет істейді.

24 қазан күні тек кезек­ші ХҚО-лар мен мамандан­ды­рылған ХҚО-лар жұмыс істейді. Бұл күні қызмет алушылар сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін қабылданады.

23 және 25 қазан – демалыс күн­дері. 26 қа­заннан бастап барлық орталықтар әдеттегі кес­те бойынша жұмыс істейтін болады.