• RUB:
    5.17
  • USD:
    515.89
  • EUR:
    536.32
Басты сайтқа өту
Медицина 22 Қазан, 2022

Бір күнде 12 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды

115 рет
көрсетілді

Елімізде өткен тәулік бойынша 34 адам коронавирус инфекциясын жұқтырған. Сондай-ақ 12 адамнан коронавирус пневмониясы анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«22 қазандағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 972 адам ем қабылдауда, оның ішінде коронавирустан – 812 (КВИ+) пневмониядан 160 (КВИ-) адам. 100 пациент стационарда жатса, 872 науқас амбулаториялық деңгейде емделуде», деп жазылған Денсаулық сақтау министрлігінің дерегінде.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

- 2 адамның жағдайы ауыр,

- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,

- 2 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.