Павлодар облысындағы Жергілікті полиция қызметінің басшысы болып Қуаныш Хажетұлы Мұстафинов тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазақстан Республикасы ІІМ бұйрығымен Павлодар облысы Полиция департаментінің Жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы полиция подполковнигі Қуаныш Хажетұлы Мұстафинов тағайындалды. Ол бұрын Жергілікті полиция қызметінің басқармасы бастығының орынбасары қызметін атқарған», деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.