• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
Тарих 23 Қазан, 2022

Бүгін - Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл

5558 рет
көрсетілді

Биыл қазақтың даңқты қызы Мәншүк Мәметованың туғанына 100 жыл толды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қаһарман қазақ қызы - Кеңес Одағының Батыры (1944). Анасы еркелетіп Моншағым дей бергеннен Мәнсияның тілі келмей өзін Мәншүк деп кеткен. 

1942 жылы тамызда ол өз еркімен Қызыл Армия қатарына алынып, 21-атқыштар дивизиясының құрамында ұрысқа қатысты.

Аға сержант, пулеметші Мәншүк ұрыстарда өзінің мергендігімен және тобында батылдығымен көзге түсті. Невель қаласы үшін болған кескілескен шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі біткенше пулеметтен оқ боратып, қаһармандықпен қаза тапты.