• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Қазан, 2022

Ұлыбританияның премьер-министрі Риши Сунак болуы мүмкін

408 рет
көрсетілді

Лизз Трастың орнына Риши Сунак тағайындалуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz шетелдік BBC арнасына сілтеме жасап. 

«Борис Джонсон Консервативтік партия басшылығынан өз кандидатурасын алып тастады. Бұл Риши Сунактың Ұлыбританияның келесі премьер-министрі болатынын білдіреді. Қыркүйек айының басына дейін премьер-министр қызметін атқарған Джонсон Қауымдар палатасындағы консервативті фракцияның қажетті 100 мүшесінің қолдауына ие болғанын айтты. Оның мәлімдемесінде оны 102 депутат ұсынғаны айтылған. Бірақ бұл тексерілмеген және ол көрсеткіштен айтарлықтай аз»,  делінген хабарламада.

Бүгін дүйсенбі жергілікті уақыт бойынша сағат 14.00-ге (Астана уақытымен 21.00) дейін басқа 100 депутаттық қолдауы бар кандидат шықпаса, онда бұл орынға Риши Сунак тағайындалады.