• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Елорда 26 Қазан, 2022

Елімізге заңсыз зергерлік бұйымдар әкелмек болған адам ұсталды

334 рет
көрсетілді

Елорданың халықаралық әуежайында Ыстанбұлдан Қазақстанға салмағы 28 келіден асатын 7178 контрабандалық зергерлік бұйымдарды әкелмек болған азамат ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Бұл факт Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы өткізуге шектелген тауарларды, заттар мен құндылықтарды өткізу ережелеріне қайшы келеді, олар үшін өткізудің арнайы ережелері белгіленген», делінген Астана қаласы бойынша ҚМА департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Мамандардың айтуынша, декларацияланбаған «зергерлік бұйымдардың» жалпы кедендік құны 560 миллион теңгеден асты. Экономикалық контрабанда фактісі бойынша қылмыстық іс сотқа жолданды.