• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Ауа райы 26 Қазан, 2022

Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады

186 рет
көрсетілді

«Қазгидромет» РМК Қазақстан бойынша 27-29 қазанға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Синоптиктердің мәліметінше, 27-28 қазанда солтүстікте, шығыста жауын-шашын болады, сондай-ақ еліміздің шығыс бөлігінде де жауын-шашынды ауа райы(жаңбыр, қар) сақталады. Аптаның ортасында солтүстік-батыс антициклоны батыс облыстарға, одан кейін Қазақстан аумағының басым бөлігіне ауысады, онымен жауын-шашынның тоқтауы және ауа температурасының төмендеуі күтіледі.

28 қазаннан бастап еліміздің батысы циклон ойпатының ықпалында болады. Сондықтан елімізде жауын-шашынды ауа райы болады. 27-28 қазанда республиканың оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды жүйелердің өтуімен жауын-шашын жауады: таулы аймақтарда қатты жауын-шашын сондай-ақ көктайғақ күтіледі. Ал Республика бойынша желдің күшеюі, батыста, солтүстікте және шығыста көктайғақ, тұман күтіледі.