• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қаржы 26 Қазан, 2022

Ұлттық банк валюта бағамын белгіледі

205 рет
көрсетілді

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 471,36 теңгені құрап, 1,31 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы төмендеп, 64,64 теңгені (-0,21) құрады.

Ресей рублі бойынша сауда-саттық жүргізілген жоқ. Ұлттық Банк рубль бағамын 7,8 теңгеге белгіледі.

Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық Банк оны 466,31 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 470-474 теңгеден, еуроны – 470-476 теңгеден, ресей рублін – 7,1-7,4 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 26 қазанда сауда-саттық кезінде әлемдік мұнай бағасы төмендеді.

Brent маркалы мұнай фьючерстерінің құны 1,1%-ға төмендеп, барреліне 92,49 долларды құрады.

Сондай-ақ West Texas Intermediate (WTI) маркалы мұнай бағасы барреліне 84,57 долларға дейін 0,9%-ға төмендеді.