• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Елорда 27 Қазан, 2022

Елордада 60 отбасы азық-түлік себетін алды

220 рет
көрсетілді

Елордалық Достық үйінде Астана қаласы ҚХА-ның «ПАРАСАТ» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы ұйымдастыруымен «Жанашыр Жүрек» республикалық халықтық қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Аталған акция аясында әлеуметтік аз қамтылған отбасылар, жалғызбасты қарттар, көпбалалы отбасылар және ерекше қажеттіліктері бар балалар санатындағы 60 отбасы азық-түлік себетін алды.

Іс-шараның мақсаты – халықтың әлеуметтік осал топтарына көмектесу. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясының елордалық этномәдени бірлестіктері қатысты.

Қазақстан Республикасының күрдтер «Барбанг қауымдастығы» АҚБ Астана қалалық филиалы» қоғамдық бірлестік төрағасы Шамо Фатоев жерлестеріне қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.

«Бүгін біз еркін және тәуелсіз мемлекетте өмір сүріп жатырмыз. Барлық қазақстандықтар халықтар достығы – біздің еліміздің баға жетпес байлығы екенін түсінеді. Сенімсіз әр түрлі ұлт өкілдері арасында мемлекеттің өркендеуі болмайды, демек қарапайым адамдардың бақытты өмірі де болмайды деген сөз. Тек игі істер ғана қоғамға деген көзқарасын өзгертуге көмектеседі, өйткені адамдар бір-біріне мейірімді, өз әрекеттері үшін жауапты болады», деді қоғамдық бірлестік төрағасы Шамо Заарович.

Елордалық Ассамблея жұмысының маңызды бағыттарының бірі - қайырымдылықты дамыту. Астана қаласының «Парасат» қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы 2019 жылы Достық үйінің жанынан әлеуметтік саясатты қолдау және дамыту мақсатында құрылған.

Орталық көптеген адамдарға көмек көрсетеді, оған балалар, қарттар, ерекше қажеттіліктері бар адамдар, сондай-ақ халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан азаматтар кіреді.

Биыл Астана қаласының Қазақстан халқы Ассамблеясы 25 қайырымдылық іс-шарасын ұйымдастырып, жалпы сомасы 38155 млн теңгеге 3655-тен астам отбасына қолдау көрсеткен.