• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Парламент 27 Қазан, 2022

Сенатор мемлекеттік аудит комитетінің жұмысын сынға алды

198 рет
көрсетілді

Сенатор Андрей Лукин мемлекеттік аудит комитетінің жұмысын сынады, атап айтқанда, олардың тиімсіз және нәтижесіз тексеру жүргізгеніне тоқталды. Бұл туралы ол еліміздің Премьер-Министрінің атына депутаттық сауалында жария етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сенатордың айтуынша, аудиторлар әрі жылда бірдей және қайталана беретін заң бұзылуын тіркеп келеді. Жұмыстың тиісті деңгейде жүргізілмеуіне байланысты бірқатар тексеру нәтижесіз аяқталды.

«Атап айтқанда, жоспарланған 82 шараның 28-і немесе 34% астам жылдық тізімге негізсіз енгізілген болып шықты. Соған қарағанда тексерілген жекелеген министрліктерде ешқандай қауіп деңгейі жоқ. Жұмыстың дұрыс ұйымдастырылмауының салдарынан бірқатар тексерудің нәтижесі төмен әрі тиімсіз болып шықты», деп атап өтті Андрей Лукин.

Сенатор сонымен қатар камералық бақылау жүргізу мәселесін көтерді. Сенатордың ақпараты бойынша аумақтық департаменттер бақылаудың бұл түрін жүргізген жоқ, дегенмен жалпы сомасы 300 млрд теңгеден астам 3 мыңнан жоғары мемлекеттік сатып алу рәсімі болуы тиіс еді. Тіпті өткізілген жағдайларда да, шенеуніктер көбінесе шартты жеңілдіктерді өздері есептейді, яғни шешім тексерушінің субъективті пікіріне байланысты болады. Сонымен қатар аудиторлар жекелеген жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылықтардың айқын белгілері болған кезде материалдарды құқық қорғау органдарына жібермейді және әкімшілік ықпал ету шараларын қолданбайды.

Сенатор осыған байланысты аудиторлардың жұмысын жақсарту мен бюджет қаржысын, мемлекет және квазимемлекеттік сектор активтерін басқару мен пайдаланудың тиімділігін арттыру жөнінде бірқатар ұсыныс айтты.

«Тәуекелдерді басқару жүйесінің өлшемдері мен мемлекеттік аудит объектілерін іріктеу тәртібін қайта қарауды, салалық бұйрықтарды  орындалудағы міндеттілік жөніндегі талаптарды қатаң сақтауды, камералық бақылау жүргізу кезінде мемлекеттік сатып алу туралы заңнама ережелерін біркелкі қолданудың әдіснамалық негізін әзірлеуді, шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімдерді шығару және жою процесіндегі адами факторды ақпараттық жүйе арқылы автоматты түрде алып тастауды ұсынамын», деді сенатор.