• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Қазан, 2022

Жаңаөзенде ауқымды жобалар іске асырылуда

381 рет
көрсетілді

«Баршаға мүмкіндік» қоғамдық қорының бастамасымен, Жаңаөзен қаласы кәсіпкерлер қауымдастығы, спорт мекемелері мен жаттықтырушылар бірлестігі, қала әкімдігі қолдауымен Жаңаөзен қаласында «Әділетті қоғам – Баршаға мүмкіндік» ұраны аясында арнайы жобалар басталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Баршаға мүмкіндік» қоғамдық қоры Жаңаөзен қаласында 2022 жылдың маусым айынан бастап қаланың әлеуметтік-экономикалық ахуалын жақсартуға кіріскен. Қор қала ішінде түрлі салалар бойынша жиналған бірнеше мәселені шешуді көздейді. Атап айтқанда, ауыз су мәселесі, кәсіпкерлік пен бұқаралық спортты дамыту және қала тұрғындарына арналған мәдени-қоғамдық шаралар ұйымдастыру.

«Жаңаөзен қаласы еліміздің батысындағы халқы тығыз орналасқан бірден-бір қала. Қала халқының әлеуеті талай керемет жобаларды жүзеге асыра алатынына және қаламыздың өркендеуіне тұрғын ретінде, кәсіпкер ретінде үлес қосу азаматтық борыш деп санаймын» дейді кәсіпкерлер қауымдастығының мүшесі, «Әділетті қоғам – Баршаға мүмкіндік» ұраны аясындағы жобалардың ұйымдастырушысы, Korkem Alem компаниясыны басшысы Темір Сәкенұлы.