• RUB:
    5.18
  • USD:
    514.93
  • EUR:
    536.04
Басты сайтқа өту
Қазақстан 27 Қазан, 2022

Әлихан Смайылов инновациялық жобалардың тиімділігін арттыруды тапсырды

257 рет
көрсетілді

Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үкімет жанындағы Технологиялық саясат жөніндегі кеңестің отырысын өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің ресми парақшасына сілтеме жасап.

 

«Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының жыл сайынғы жаһандық рейтингін талдау қорытындысы бойынша инновациялық экожүйесінің тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірленді» делінген ресми хабарламада. 

Атап айтқанда:

азаматтардың денсаулығы мен өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру үшін MedTech жобасы; экологиялық таза ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді дамыту үшін AgriTech жобасы;  «жасыл»  технология, энергияны тиімді пайдалану мен үнемдеу үшін GreenTech сынды жаңа технологияларды енгізу ұсынылып отыр.

Сондай-ақ Премьер-Министр  инновациялық орталықтарды құру бойынша әлемдік тәжірибені талдау қажеттігін атап өтті.