• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Қазан, 2022

Астанада ТМД үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді

218 рет
көрсетілді

Бүгін Астанада Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оған Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Әзербайжан үкіметінің басшысы Али Асадов, Беларусь премьер-министрі Роман Головченко, Тәжікстан үкіметі басшысы Кохир Расулзода, Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов, Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Армения премьер-министрінің орынбасары Мгер Григорян және Түрікменстан Министрлер кабинеті басшысының орынбасары Ходжамырат Гельдимырадов қатысады.

27 қазанда Ресей үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин Астанаға ұшып келді. Оны Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов пен Ресей Федерациясының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Алексей Бородавкин қарсы алды.