Батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер Қазақстан аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райын сақтайды, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.
«29-31 қазан аралығында елімізде жауын-шашын күтіледі, 30 қазанда Қазақстанның оңтүстігіндегі, оңтүстік - шығысындағы таулы аудандарда-қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман, батыста – жаяу бұрқасын болады», деп болжады синоптиктер.