ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Қазақстанның ТМД-ға төрағалығының негізгі қорытындыларын шығарды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Биыл Қазақстан ТМД-ға төрағалық етуде. Төрағалығымызды жүзеге асыру барысында барлық бағыттар бойынша практикалық жұмыстар жүргізілді. Біз оны ТМД-да қалыптасқан сабақтастық бойынша және ұйымның іргелі құжаттарына сәйкес жүргіздік. Бірлескен жұмыстың нәтижесі тиісті шаралар кешенін жүзеге асыра отырып, ТМД-ның барлық жарғылық және салалық органдарының отырысын өткізу болды», деді Әлихан Смайылов ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кеңейтілген отырысында.
Сондай-ақ Премьер-Министр Беларусь Республикасы мен Қырғыз Республикасына жұмысқа көмектескені үшін алғыс айтты.
«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жақында өткен Достастық Мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында ТМД-ның бақылаушысы және серіктесі болып табылатын жаңа институттарды құру туралы бастама көтерді. Басқарма тараптармен бірлесе отырып, қазірдің өзінде бұл маңызды идеяны әзірлеуде. Бұл жұмыстың нәтижесі ТМД-ның басқа елдермен және халықаралық құрылымдармен жақындасуы үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады», деп қосты Үкімет басшысы.