• RUB:
    4.83
  • USD:
    443.37
  • EUR:
    474.49
Басты сайтқа өту
Спорт 28 Қазан, 2022

Қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингке енді

207 рет
көрсетілді

Халықаралық теннис федерациясы (ITF) 18 жастан кіші жас санатында жаңартылған әлемдік жасөспірімдер рейтингін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасап.

Аружан Сағандықова 77-ші орында тұр. Ал Сандуғаш Кенжебаева бір сатыға көтеріліп, 78-ші орынға тұрақтады.

Анель Рүстемова 147-ші орында. Дана Байдәулет бірден 49 сатыға көтеріліп, әлемнің 167-ші ракеткасы атанды.

Еркежан Арыстанбекова 193-ші орында, Айя Напой - 211-ші орында (өткен аптамен салыстырғанда +47), ол екінші жүздікке сенімді түрде барады.