Қазақстандық теннисші Александр Бублик Базельде (Швейцария) өткен ATP турнирінің екінші айналымында испандық Альберт Рамосты жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Матч 6:3, 6:3 есебімен аяқталды.
Александр он эйсті орындады және сегізден үш брейк-поинтті жүзеге асырды. Ширек финалда Бублик канадалық Феликс-Оже Альяссиммен де кездеседі.