Құрлықтық хоккей лигасының матчында астаналық «Барыс» Уфада «Салават Юлаевпен» ойнады, деп хабарлайды Egemen.kz Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Андрей Скабелка келесі құрамды қойды: Гудачек (Бояркин) — Сергиенко-Грэм, Луис-Вей-Бракко; Биграс-Пышье, Максимов-Сағадеев-Шестаков; Мищенко-Гайтамиров, Әсет-Гурков-Петухов; Шалапов, Қайыржан-Гусейнов-Мұратов.
Кездесу 5:1 есебімен ресейлік клубтың пайдасына аяқталды.
Осылайша, қазақстандық клуб қатарынан бесінші рет жеңіліске ұшырады.
1 қазанда «Барыс» өз алаңда Новосібірдің «Сібірін» қабылдайды.