• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Қазан, 2022

Түркістанда Turan Barysy турнирі өтті

286 рет
көрсетілді

Olympic Center спорт сарайында Түркі мемлекеттері ұйымдарының палуандары жиналып, Қазақ ұлттық күресінен Азия Кубогы үшін күресті. Іс-шараны мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев салтанатты түрде ашты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Министр жарысқа қатысушыларды құттықтап, түркі мемлекеттері ұйымдарының елдері арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілетініне сенім білдіріп, министрлік әрқашан ұлттық спортты дамытуды қолдайтынын атап өтті.

«Спорт пен мәдениет - адамдарды біріктіретін ортақ алаң. Қазақ күресі - түркі халықтарына жақын спорт түрі. Turan Barysy турнирі болашақта спорт әуесқойларын қызықтыратын үлкен жоба болатынына сенімдімін», деді Дәурен Абаев.

Спортшылар жеті салмақ дәрежесінде өнер көрсетті: 55-ке дейін, 60-қа дейін, 66-ға дейін, 74-ке дейін, 82-ге дейін, 90-ға дейін және 90 кг-нан астам.

Жеребе бойынша бірінші топта кілемде Венгрия, Әзербайжан және Өзбекстан балуандары, екінші топта – Қырғызстан, Түркия және Қазақстан балуандары кездесті.

Турнир ұлттық спорт түрін дамыту және қолдау мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар Turan Barysy міндеті - жастарды спортқа тарту және ұлттық дәстүрлерді сақтау.