Қызылорда облысында 63 үйрек ұшасын сақтаған браконьерлер ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.
«28 қазан күні сағат 22:20 шамасында Қазалы ауданында полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы ротасының инспекторлары Lada 21214 көлігін тоқтатты. Автокөліктің салонын тексеру кезінде 12 калибрлі 2 аңшылық мылтық және 63 жабайы үйрек қаңқасы табылды. Нәтижесінде, Ақтөбе қаласының 54 және 50 жастағы тұрғындары ұсталды. Заттай дәлелдемелер тәркіленді. Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», делінген Polisia.kz хабарламасында.