• RUB:
    4.9
  • USD:
    443.72
  • EUR:
    482.28
Басты сайтқа өту
Қоғам 30 Қазан, 2022

Қазақстанда Instagram желісі істен шықты

278 рет
көрсетілді

Бүгін Instagram және Facebook әлеуметтік желілерінің жұмысында жаппай іркіліс орын алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ғаламтор пайдаланушылары Instagram желісінің жұмысына шағым білдіріп жатыр. Қосымша Қазақстанның барлық өңірлерінде тек VPN арқылы жұмыс істеп тұр.

Down detector веб-сайты Instagram бүкіл әлем бойынша істемей тұрғанын хабарлады.

Әлеуметтік желі қандай себептерге байланысты істен шыққаны әлі хабарланған жоқ.