• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экономика 31 Қазан, 2022

Бензин бағасы 4%-ға өсті

950 рет
көрсетілді

Жанар-жағармай бағасы ең жоғары қалалар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz energyprom.kz порталына сілтеме жасап.

Бензиннің ең қымбат бағасы Қостанай, Петропавл және Алматы қаласында тіркелген. 

Келтірілген деректер бойынша, биылғы қаңтар–қыркүйек айларында Қазақстанда авиабензинді қосқанда 3,7 млн тоннадан астам бензин өндірілген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 5,6%-ға артық.

Мотор отынының экспорты, керісінше, 2022 жылғы қаңтар–тамызда 24 мың тоннаны құрап, 4,2 есе қысқарған. Ал ішкі сауда көлемі 8,4% өсіп, 3,3 млн тоннаны құраған.

Жылдық бағаның өсуі - 4% құрады. Өңірлер ішінде бағаның айтарлықтай өсуі Солтүстік Қазақстан (5,5%), Павлодар (5,1%) және Батыс Қазақстан (4,8%) облыстарында, сондай-ақ Алматы қаласында (4,8%-ға) байқалған.

Бағаның ең аз өсуі Ақмола (бір жылда 2,2%) және Маңғыстау (2,6%) облыстарында тіркелген.

 

2022 жылдың қыркүйегінде Қазақстанда АИ-92 маркалы бензиннің бір литрінің орташа бөлшек сауда бағасы 179 теңгені құрады. АИ-95/96 маркалы бензиннің литрі 211 теңге, АИ-98 232 теңге болды.

Қазақстан қалаларының ішінде ең қымбат АИ-92 маркалы бензин Петропавлда (литріне 184 теңге), Астанада (литріне 182 теңге), Жезқазғанда (литріне 182 теңге) және Қостанайда (литріне 182 теңге) сатылды.

Ең қымбат АИ-95/96 бензині Қостанай (литріне 222 теңге), Петропавл (литріне 217 теңге) және Алматы (литріне 215 теңге) қалаларында сатылды.

АИ-98 маркалы бензин Павлодар (литріне 242 теңге), Қостанай (литріне 238 теңге) және Алматы (литріне 235 теңге) қалаларында қымбаттады.