Ливан президенті Мишель Аун уақытша үкіметтің «отставкасы туралы жарлыққа» қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Бұл туралы Ливан мемлекетінің басшысы 31 қазанда аяқталатын өкілеттік мерзімінен бұрын мәлімдеді.
Президент қабылданған шешім туралы Парламент спикері Набих Берриді хабардар еткенін атап өтті.
Премьер-министр Наджиб Микати басқаратын уақытша үкімет 2022 жылғы мамырда өткен сайлаудан кейін құрылған еді.