Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Ыстанбұлда өтіп жатқан «Пандемиядан кейін жаһандық денсаулық сақтауды нығайту» тақырыбындағы Дүниежүзілік Түркі медициналық конгресінің жұмысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.
Конгрестің басты мақсаты – шетелде тұратын және денсаулық сақтау саласында қызмет етіп жүрген түркі ғалымдарының, Түркиядағы әріптестерінің басын қосу арқылы қатысушы елдердің медицина ғылымын дамыту саласындағы бар әлеуетін арттыру.
Форумның ашылуында Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоған мырзаға, түркі мемлекеттері Ұйымының Хатшылығы мен Түркия Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне конгресс жұмысына қатысуға шақырғаны үшін алғыс білдірді, сондай-ақ түрік халқын басты ұлттық мереке - Республика күнімен шын жүректен құттықтады
- Біз Түркі мемлекеттері ұйымының алаңында денсаулық сақтау саласындағы әріптестікті одан әрі нығайтуға ерекше мән береміз. 2021 жылы Ыстанбұлда өткен Түркі мемлекеттері ұйымына мүше мемлекеттер басшыларының Саммитінде қабылданған «Түркі көзқарасы 2040» бағдарламасы денсаулық сақтау мәселелерін қамтиды және денсаулықты сақтау біздің елдеріміз үшін басты басымдықтардың бірі екенін тағы бір мәрте көрсетеді. Біз пандемия кезінде көрсеткен серіктестеріміздің қолдауын бағалаймыз және Түркияға көрсетілген гуманитарлық көмек үшін алғыс айтамыз, - деп атап өтті А.Ғиният өз сөзінде.
Оның айтуынша, бұл конгресс жаһандық деңгейде денсаулық сақтауды нығайтуда маңызды рөл атқарады, мамандар арасындағы кәсіби ынтымақтастықты кеңейтеді.
Конгрес барысында Режеп Тайып Ердоған қатысушы елдердің денсаулық сақтау министрлеріне «Медицина тарихына бейілділік» және «Ортақ тарих» марапаттарын тапсыру рәсімі болды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің басшысына Түркия Президентінің қолынан COVID-19 індетімен күреске қосқан үлесі үшін еліміздің медициналық ғылыми қоғамдастығы мен медицина қызметкерлеріне арналған естелік мүсінше табысталды