Жуырда Twitter компаниясын сатып алған кәсіпкер Илон Маск компанияның директорлар кеңесін таратты. Бұл туралы дүйсенбіде АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар жөніндегі комиссиясының базасында жарияланған құжаттарда көрсетілген, деп хабарлайды Egemen.kz ТАСС-қа сілтеме жасап.
Аталған құжатта Илон Маск Twitter-ді жалғыз басқаратыны көрсетілген. Әлеуметтік желінің негізін қалаушы Джек Дорси компанияның 2,4% үлесін сақтап қалған. Қазір оның жалпы нарықтық құны шамамен 1 миллиард долларды құрайтын 18 миллионнан астам акциясы бар.
«27 қазанда бірігу туралы келісім нәтижесінде Маск Twitter-дің жалғыз директоры болды. Мәміле аяқталған сәтте бірігу жөніндегі келісімнің талаптарына сәйкес директор болған тұлғалар қызметтерін тоқтатты», делінген құжаттардың бірінде.
Бұған дейін Маск компания басшылығының бірнеше мүшесін, соның ішінде бас директор Парага Агравал мен қаржы директоры Нед Сегалды жұмыстан шығарған еді.