• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Қазақстан 01 Қараша, 2022

Бірқатар полиция департаментінде кадрлық ауыс-түйіс болды

356 рет
көрсетілді

Бүгін бірқатар өңірдің полиция департаментінде кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фархад Омаров Ақмола облысы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды. Ол ІІМ Тергеу департаментінің аналитикалық жұмыс және алдын-ала тергеу басқармасының бастығы болып жұмыс істеген.

Дәурен Ибраев Қарағанды облысы полиция департаменті бастығының орынбасары қызметіне тағайындалды. Бұған дейін ол Қызылорда полициясы бастығының орынбасары қызметін атқарған.

Қайрат Әбдіғалиев Абай облысы полиция департаменті Семей қаласы полиция басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды. Ол бұған дейін ШҚО полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының бастығы қызметін атқарған.