Абай ауданында жүк көлігімен құны 116 миллион теңгені құрайтын балық заңсыз тасымалданған, деп хабарлайды Egemen.kz Ішкі істер министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап.
«25 қазанда Тарбағатай ауданы аумағында Омбы-Майқапшағай тас жолының 29-шақырымында облыстық полиция департаментінің қызметкерлері Өскемен қаласының 58 жастағы тұрғыны басқарған жүк көлігін тоқтатты. Ер адам 20 тоннаға жуық көксерке мен табан балығын рұқсатсыз тасымалдаған. Жалпы залал 116 миллион теңгеден асты», деп жазады ІІМ ресми сайты.
ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы1-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерін заңсыз өндіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.