Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалық етуімен өткен Парламент Сенаты бюросының отырысында палатаның 30 мамырда болатын кезекті жалпы отырысының күн тәртібі қаралды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
Президенттің ұсынуына сәйкес, сенаторлар Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьяларын қызметтен босату және сайлау туралы мәселелерді қарайды. Бюро Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетіне Мемлекет басшысы ұсынған кандидаттарды талқылауды және олар бойынша қорытынды әзірлеуді тапсырды.
Сенат отырысына Қылмыстық, Қылмыстық-процестік және Қылмыстық атқару кодекстерінің жобалары бірінші оқылымда қарауға шығарылады. Сонымен қатар, бірқатар заңнамалық актілерге қылмыстық заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер және кейбір Конституциялық заңдарға қылмыстық-процестік заңнаманы жетілдіру мәселелері бойынша түзетулер жобасы қаралатын болады. Одан басқа, жоғарғы палатаның отырысына бірқатар заңнамалық актілерге этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заң жобалары бірінші оқылымға шығарылатын болды.
Бюро отырысында тиісті комитеттерге Мәжілістен түскен заң жобалары бөлініп берілді.