29 мамырда Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысы өтеді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин және Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко қатысады.
Отырыста Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.