• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
27 Мамыр, 2014

Ықылас бар, енді нәтиже керек

284 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Албания Республикасының Премьер-министрі Эди Рамамен кездесті, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Кездесу барысында сау­да-эко­номикалық, инвести­ция­лық және мәдени-гумани­тарлық саладағы екіжақты ынтымақтастықты жандандырудың негізгі жайттары талқыланды. Бұдан бөлек, тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қозғады. Нұрсұлтан Назарбаев Қа­зақ­станның Албаниямен қарым-қа­тынасты жолға қоюға деген үлкен ықыласы бар екенін атап өтті. – Жалпы алғанда, біздің ел үшін Еуропа ірі экономикалық се­ріктес болып саналады, алайда, Албаниямен арамызда айтарлықтай қарым-қатынас жоқ. Өкінішке қарай, елдеріміз ара­сында экономикалық ынтымақ­тастыққа негіз болатын құжаттарға қол қойылмаған. Сіздің келуіңіз осы бағыттағы келіссөздерді бастап береді деп үміттенемін. Экономикалық ынтымақтастық, инвестицияны өзара қорғау, қосарланған салық салуды болдырмау, визалық режім туралы келісімдерге қол қою қажет. Бұл біздің компанияларымыздың бірлесіп жұмыс жүргізуіне негіз қалайды, – деді Мемлекет басшысы. Өз кезегінде Эди Рама қа­был­дау үшін алғысын білдірді және Қазақстан туралы өзінің жақсы хабардар екенін айтты. Сондай-ақ, ол елдеріміздің арасында мә­дени салада ортақ жайттардың көп екеніне назар аударды. Албания Премьер-министрі әлеуетімізді ескере отырып, сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимылды әрі қарай дамыту қажеттігі туралы пікірмен ке­лі­се­тінін білдірді. Түрлі халықаралық құрылымдар аясында тиімді ын­ты­мақтастық орнатудың маңыз­дылығын да атап өтті.