• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Ауа райы 01 Қараша, 2022

Ауа райына байланысты ескерту жарияланды

195 рет
көрсетілді

Синоптиктердің мәліметінше, еліміздің 11 облысында жел күшейіп, көктайғақ болып, қар жауады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Атап айтқанда, Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, күндіз екпіні 23-28 м/с күтіледі. Тараз қаласында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. 

2  қарашада Қызылорда облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың орталығында күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с. Қызылорда қаласында жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысының шығысында тұман болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20, кей уақытта 25 м/с күтіледі. Қарағанды қаласында күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 18 м/с.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында  оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа жел ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Оралда түнде және таңертең көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, екпіні 18 м/с.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жауады. Түнде және таңертең таулы аудандарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, тау асуларында екпіні 23-28 м/с. Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Шымкентте таңертең және күндіз қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Шығыстан жел соғады, Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с. Петропавлда  күндіз 02 қарашада көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Атырау облысының басым бөлігінде батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Атырау қаласында атыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысында солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі. Ақтауда 2 қарашада солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

2 қарашада күндіз Ақтөбе облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады түнде солтүстгінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 15-20 м/с. Ақтөбе қаласында күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады күндіз екпіні 15-20 м/с.