Бүгін Данияда парламенттік сайлау өтіп жатыр. Бір палаталы Фолькетинг парламентінің 179 депутатын ел тұрғындары сайлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді. 14 партияның кандидаттары Заң шығарушы ассамблеядағы орынға таласуда. Парламентте орын алу үшін олар 2 пайыздық межені еңсеруі керек.
Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, Даниядағы сайлау алдындағы науқан ең алдымен жоғары инфляциямен және энергия бағасының күрт көтерілуімен күресуге бағытталған.
Үкімет басшысы лауазымына үміткерлер арасында COVID-19 пандемиясы кезінде Данияны басқарған және Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін Данияның қорғаныс шығындарын ұлғайту үшін оппозициямен біріккен Метте Фредериксен бар.
Бұл сайлауда 44 жастағы М.Фредериксен дәстүрлі саяси блоктардан шығатын үкімет құруды көздеп отыр.
Энергетикалық дағдарыс пен басқа да ішкі проблемаларды ескере отырып, ол кең саяси спектордағы партиялармен ынтымақтасу қажет деп санайды.