Құрлықтық хоккей лигасы аясындағы матчта Астаналық «Барыс» хоккей комадасы өз алаңында «Сибирь» командасымен ойнады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Sports.kz жазғандай, Андрей Скабелка келесі құрамды алаңға шығарды. Олар: Гудачек (Бояркин) - Бекетаев-Грэм, Луи-Вей-Савицкий; Гайтамиров-Ножье, Бракко-Сагадеев-Петухов; Мищенко-Григорьев, Максимов-Гурков-Шестаков; Сергиенко, Әсетов-Гусейнов-Қайыржан.
Ойынның бірінші кезеңінде Джереми Бракко «Барыс» командасын алға шығарды. Екінші кезеңде ресейлік клуб таразы басын теңестіруге ұмтылып, нәтижесінде ойынның 33-минутында «Сибирь» хоккейшісі Вячеслав Основин гол соқты. Ойынның 58-минутында «Барыс» сапынан Линден Вей гол соқса, 59-минутта Кирилл Савицкий қорытынды есепті қорытындылады.
Осылайша «Барыс» қарсыласын 3:1 есебімен ұтып, жеңіске жетті.
3 қазанда «Барыс» өз алаңында «Адмирал Владивосток» клубымен кездеседі.