• RUB:
    5.18
  • USD:
    515.25
  • EUR:
    535.91
Басты сайтқа өту
Қоғам 02 Қараша, 2022

Шенеуніктер казиноға жұмсаған ақша қайдан алынғаны тексеріледі

329 рет
көрсетілді

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов шенеуніктердің казиноға жұмсаған ақшасы қайдан алынғаны тексеріліп жатқанын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Марат Ахметжановтың айтуынша, тергеу жүргізілуде.

19 қазанда мемлекеттік қызметшілер Алматы облысының казиносында 507 миллион теңге жұмсағаны белгілі болды. Прокуратура казино мен ойын автоматтары залдарының қызметін тексеру шеңберінде мемлекеттік қызмет атқару кезеңінде ойын мекемелеріне барған 305 мемлекеттік қызметшіні анықтады.

Прокуратура әртүрлі ведомстволардың өкілдері қанша ақша жұмсағанын нақтылады:

Ішкі істер министрлігі - 97 млн; Қорғаныс министрлігі - 95 млн; Қаржы министрлігі - 25 млн; Жоғарғы Сот - 7 млн; Қаржы мониторингі агенттігі - 15 млн; Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі - 3 млн; Жергілікті атқарушы органдар - 36 млн; Басқа мемлекеттік органдар - 27 млн.