• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
27 Мамыр, 2014

Сыр өңірінің құбыр зауыты өз өнімдерін экспортқа шығаруға құлшынып отыр

254 рет
көрсетілді

АСТАНА. 27 мамыр. Осыдан 3 жыл бұрын «Үдемелі индустриалды-инновациялық даму» жобасы аясында іске қосылған Қызылорда облысындағы құбыр зауыты өнімдерін экспорттауға сақадай-сай. Бұл туралы «24kz» хабарлады. Бүгінде ішкі сұранысты толықтай қанағаттандырып отырған кәсіпорынның әлеуеті сыртқы нарықты да қамтамасыз етуге жетеді. Бұ кәсіпорынның негізгі шикізаты – полиэтилен. Зауыт құбырларының бір бөлігі коммуналдық сала, газ жүйелеріне қолданылуда. Сондай-ақ, мұнда поливенилхлорид құбырлары да шығарылады. Зауыт инженері Нұрбек Нұрмұхамедов: «Барлық жұмыс компьютермен басқарылады. Инженер-технологтар тапсырыстың барлығын нақты белгілеп отырады. Зауыттың жылдық өнімі 16 мың тонна шамасында. Бұл өндірістің 70 пайыздық қуаттылығына пара-пар. Жоба іске асқан 3 жылдың ішінде ел сұранысын өтеп келеді. Соңғы уақытта кедендік кедергілердің жеңілдеп, алыс-берістің арта түскен шағында кәсіпорын өз өнімдерін экспортқа бағыттауға ниетті», – деді. Ал, зауыт директорының орынбасары Арман Әбдіқадіровтың айтуынша, бұл кәсіпорын Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекеттері қатысып отырған Бірыңғай экономикалық кеңістік нарығынан тапсырыс күтіп отыр. Зауыт берілген тапсырысты  100 пайызға орындап шығуға қауқарлы. Кәсіпорын өнімінің сапасы заман талабына сай. Жолдыбай Базар. Дереккөз: «24kz». Фото: today.kz.