Оқиға 1 қараша күні сағат 16.00 шамасында Атырау мөлтек ауданында болған, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қала тазалығына жауапты мекеменің КамАЗ автокөлігі Атырау мөлтек ауданындағы электр бағанасына, кейін тұрғын үйлердің бірінің қоршауына және аула ішіндегі автокөлікке соқтығысқан. Зардап шеккендер жоқ. Автокөліктің 1990 жылы туған жүргізушісінің мас күйде болғаны анықталды. Қазіргі уақытта іс-құжаттар жинақталып сотқа жолданды», деді Атырау облысының полициясы.