• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Әлем 02 Қараша, 2022

Үндістанда 53 адам суға батып кетті

157 рет
көрсетілді

Үндістанның Бихар штатында қазанның 28-31 аралығында өткен Чхат Пуджа фестивалін тойлау кезінде 53 адам суға батып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Чхат Пуджа - үнділердің жыл сайынғы күнге арналған дәстүрлі фестивалі. Ол әдетте қазан айының аяғында немесе қарашаның басында өтеді және төрт күнге созылады. Мерекелер кезінде діндарлар суға гүлдер мен түрлі құрбандықтарды лақтырып, өзенге шомылып, дұға етеді.

Бихардың бас министрі Нитиш Кумар жергілікті билік құрбандардың әрқайсысының отбасына 400 000 рупий (шамамен 4 833 доллар) өтемақы беретінін айтты.