• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Президент 02 Қараша, 2022

Президент «Рақымшылық жасау туралы» заңға қол қойды

516 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы «Рақымшылық жасау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында қаңтар оқиғасына қатысушыларға рақымшылық жасайтыны туралы мәлімдеген.

«Мен қаңтар оқиғасына қатысушыларға бір реттік рақымшылық жариялау туралы шешім қабылдадым. Біз адамгершілік таныта отырып, осы қайғылы оқиғадан тиісті қорытынды жасаймыз. Мұндай жағдай енді ешқашан қайталанбайды. Бұған жол бермейміз», деген еді Президент.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.