• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 03 Қараша, 2022

Мыс өндірісі ұлғайды

356 рет
көрсетілді

«Қазақмыс» компаниялар тобы соңғы тоғыз айдағы өндірістік қызметінің қорытындысын жариялады. Ресми мәліметке сүйенсек, қаңтар-қыркүйек аралығында «Қазақмыс Холдинг» ЖШС барлығы 23 млн 583 мың тонна кен өндірген. Көрсеткіш бір жыл бұрынғы деңгейден (22 млн 714 мың тонна) төмен.

Тоғыз айдың қорытындысы бо­йынша өндірілген кендегі мыс­тың орташа мөлшері 0,88 пайызға жос­парланып, 0,98 пайызды құ­ра­ған. Өткен жылдың сәйкес ке­зе­ңіндегі көрсеткіш 0,95 пайызға тең. Қаңтар-қыркүйек аралығында «Қазақмыс» байыту фабрикалары 23 млн 358 мың тонна кен өңдеген. 2021 жылдың 9 айында 23 млн 419 мың тонна кен өңделген болатын. Сондай-ақ 189,750 мың тонна концентратты мыс өндірілген. 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (185,998 мың тонна) көрсеткіш 3,752 мың тоннаға ұлғайды. 2022 жылдың 9 айында өндірілген катодты мыс көлемі 205,631 мың тоннаға тең. Бір жыл бұрынғы деңгеймен (166,739 мың тонна) салыстырғанда көрсеткіш 38,892 мың тоннаға ұлғайған.

Құймалардағы алтын көлемі 5 635 килоны құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (4 394 келі) +28,2 пайызға немесе 1 241 килоға өскен. Құймалар мен түйіршіктердегі күміс 229 314 килоға тең. Бір жыл бұрын көр­сет­кіш 207 748 килоны құраған бо­латын. Көрсеткіш бір жылда 21 566 килоға (+10,38 пайыз) ұлғайған.

– «Қазақмыс» кәсіпорындарында өндіріс белгіленген жоспарларға сәй­кес жүргізіліп жатыр. Біз бас­қа­ру процестерін жақсарту үшін үнемі жұмыс істейміз. Жақын арада кәсіпорындарды басқару жү­йе­сін оңтайландыру дайындалып жатыр. «Жезқазғантүстімет», «Қара­ған­дытүстімет», «Балқаш­түс­ті­мет» өндірістік бірлестіктері тараты­ла­ды. Корпорация құрамында тау-кен байыту кешені құрылуда. Ке­шен­нің бас директоры кеніштер мен фабрикалардың директорларымен тікелей жұмыс істейтін болады. «Қазақмыс» басшылығы үшін компанияның барлық кәсіпоры­нын­дағы әлеуметтік саясат бұрын­ғы­сын­ша негізгі басымдық болып қала береді. Мәселен, 2022 жылғы 10 желтоқсанға дейін рес­публикадағы инфляциялық процес­терге байланысты қызметкерлеріміздің жал­а­қы­сын арттыру мөлшері есептеледі және 2023 жылғы 1 қаңтардан бас­тап кө­теріледі, – дейді «Қазақмыс кор­по­ра­циясы» ЖШС басқарма төрағасының бірінші орынбасары Андрей Гайдин.

Осы жылдың төртінші тоқсанында «Қазақмыс» катод баламасында 78,9 мың тонна мыс өндіруді жоспарлап отыр.