Астанада бала зорлаған автобус жүргізушісі 17 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Сот үкімімен А. Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1-бөлігі 1-тармағы бойынша өмір бойына бас бостандығынан айырумен, кәмелетке толмағандармен жұмыс істеуге, педагогикалық және өзге де қызметпен айналысу құқығынан айырумен ең жоғары 17 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жазаға сотталды», делінген хабарламада.
Ер адам №1 автопарктің жүргізушісі болып жұмыс істеп, жәбірленушінің шарасыз күйін пайдаланып, автобус салонында кәмелетке толмаған қызды зорлаған.
Кінә сарапшы психиатр-психологтардың қорытындысы, заңды өкіл мен куәгерлердің айғақтарымен дәлелденеді.
Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.